Ханшайым мұндай марапатқа Қазақстан және Таиланд халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ие болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үш күнге созылған сапары барысында Таиланд ханшайымы Астана мен Оңтүстік Қазақстан облысында болды.
Таиланд Корольдігі өкілдерінің ресми сапары бүгін аяқталады.