Жарияланды: 430

Елбасы "Терең тамырлар" спектаклінің бас кейіпкеріне айналды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев көркемдік туындының, дәлірек айтқанда, спектакльдің  бас кейіпкеріне айналды! Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры «Терең тамырлар» қойылымын әзірлеу үстінде.

Астананың жасыл белдеуіне Елбасының ықыласы ерекше. Өйткені оны өмірге әкелген өзі. Жасыл аймаққа қарайтын орманшымен тілдескен ол,қарттың іс-әрекетіне таңданады. Ол кейбір ағаштарды аялап өсірсе, енді бірін жайқалып тұрғанына қарамастан балталап тастайды екен. Оның мәнін түсіндіру үшін ақсақал Президентті орманға түндежалғыз келуін сұрайды. Айналасындағылардың қарсылығына қарамастан,қарияның айтқанын істеген Елбасы ағаштарға жан бітіп, адамша сөйлегенін көреді. Әрбір тал бүгінгі қоғамда болып жатқан жақсылық пен жамандық туралы ой бөліседі.  

Еркін Жуасбекұлы, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының көркемдік  жетекшісі:

- Аллегория деген тәсіл. Бұл ормандағы әрбір талымыз, ол кешегі біздің жас қазақтармыз, мынау қоғамдағы біздің бар байлығымызды жекеге өткізіп алғысы келетін жас экономистеріміз. Солардың бейнелері  Елбасына кәдімгі ойларын, ұсыныстарын айту арқылы сахнада тартыс құрылады.

 

Қойылым режиссері Нұрлан Жұманиязов  әрбір дайындық сайын   артистердің ойынын шыңдай түсуге барын салуда. Себебі: пьесаны  театр қызметкерлері бірігіп жазған. Оның үстінеЕлбасы жөнінде алғашқы қойылым болуы жауапкершілікті арттыра түскенін жасырмайды. Сөйте тұра  режиссер басты мақсатымыз - шын президенттің көшірмесін жасау емес дейді. 

Нұрлан Жұманиязов, қоюшы режиссер:

-  Тура  Президенттің өзін бейнелеу – маққсат емес. Бастысы, Елбасының  іскерлігі, елі үшін  игі істі ұйымдастыруы,  тірлік- тіршілігі.

Басты кейіпкердің, яғни Нұрсұлтан Назарбаевтың ролін Қуандық Қыстықбаев сомдайды. Президенттің бейнесін келтіру оңай шаруа емес, әрине. Актер бастапқыда біршама жүрексінгенін де жасырмады.

Қуандық Қыстықбаев, актер:

- Еліміздегі бірінші адам Елбасынысомдау,әрине,қиын. Қазір жұмыс барысындамыз. Көріп тұрсыз, гриммен, дауыс ырғағымен, көзқарас, күлкілермен іздеп,іздену үстіндеміз. Нағыз қиындық алда тұр. Елбасы келіп көрсе, ол кісінің алдында  рөлді ойнау...  қобалжытады.

Идея авторлары қойылымды көрермен назарына Елбасының және Астананың туған күні қарсаңында, 2 шілдеде ұсынуды жоспарлап отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін