Елбасы Төтенше жағдайлар министрлігінде жүргізіліп отырған реформаларды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Төтенше жағдайлар министрлігінде жүргізіліп отырған реформаларды мақұлдады

Елбасы Төтенше жағдайлар министрлігінде жүргізіліп отырған реформаларды мақұлдады

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен кездесуде министрлікте жүргізіліп отырған реформаларды мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

В.Божко президентке Төтенше жағдайлар министрлігін реформалау жөнінде, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету мәселелері бойынша істің жай-күйі туралы баяндады. Биылғы жылы халыққа қолдау көрсетуге және төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бюджеттен 14 млрд. теңге бөлінді.

Министр мемлекет басшысын елдің мемлекеттік материалдық резервінің ахуалы, Қазақстанның халықаралық гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысуы жөнінде хабардар етті.

Президент министрлікте жүргізіліп отырған реформаларды мақұлдады және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға Төтенше жағдайлар министрлігінің даярлығын арттыруға назар аударды.

Сондай-ақ, президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Әділет министрі Зағипа Балиеваны қабылдады.

З.Балиева мемлекет басшысына Әділет министрлігінің ағымдағы қызметі, атап айтқанда шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту, тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу бойынша заң жобасына өзгертулар туралы баяндады.

Әділет министрі сондай-ақ президентті Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру жөнінде, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің және Сот сараптамасы орталығының қызметі туралы хабардар етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар