«Бұл форумның бір кездері Батыс пен Шығыс елдерін жалғастырып жатқан ұлы Жібек Жолы өтетін елде ұйымдастырылуы жақсы нышан»,- делінген Елбасының жолдауында. «Өркениеттер арасындағы алтын көпір іспетті осынау тарихи бағыт бүгінде қарқынды даму үстінде»,- деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысының атап көрсетуінше, «экономикалық жаҺандану жағдайында тиімді көлік жүйесін құра білу — көптеген елдердегі тұрмыс деңгейін жақсарту және жалпы экономикалық өсудің бір маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады». «Қазақстан жаңаша трансевразиялық маршруттар құру үшін әлемдік көлік жүйелеріне кірігуге бар күшін салуда. Бұл тек біздің елімізге ғана емес, сондай-ақ, жалпы құрлық елдеріне де тиімді». «Біз өзара тиімді диалогқа және тәжірибе жүзіндегі ынтымақтастыққа қашан да дайынбыз»,- делінген жолдауда.
Елбасы «конференцияға қатысушылардың күш-жігері бүкіл Еуразиялық кеңістіктің көлік-коммуникациялық жүйелерін нығайтуға нақты үлес қосады» дегенге сенім білдірді.