Елбасы туралы «Қырағы көз» атты жаңа кітап жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы туралы «Қырағы көз» атты жаңа кітап жарық көрді

Елбасы туралы «Қырағы көз» атты жаңа кітап жарық көрді

«Қырағы көз!» Бүгін Алматыда осындай атаумен Елбасы туралы тағы бір кітап жарыққа шықты. Туында негізінен Нұрсұлтан Назарбаевтың күні-бүгінге дейін қабылдаған батыл шешімдері мен жүргізген сарабдал саясаты жайында. 

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 484
Фото - Caravan.kz

Әзірге мың данамен шығарылған кітап өскелең ұрпақ үшін тәлім-тәрбиелік мәні зор болады деп күтеді автор. Себебі, «Қырағы көз» о бастан кез келген адамның отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жазылыпты.  Бүгін патриоттық бағыттағы шығарманы тарихшылар, жазушылар мен ардагерлер талқыға салды. Мақсаттары — кітап идеологиясын үлкен аудиторияға ұғынықты қылып жеткізу. 


Болат Қыстаубаев, кітап авторы:

— Нұрсұлтан Әбішұлының өзі осы 20 жылдың ішінде талмай шаршамай елімізге, жұртымызға еңбек етіп, Қазақстанды бүгін сондай жоғарғы сатыда халықаралық жағынан абыройлы жолға әкеліп берген.