Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Elbasy.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Елбасы отыз жыл ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың даму қарқынын атап өтіп, М.Шентоптан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
– Мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында жұмыс атқарып келемін. Бүгінде біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Президент Ердоған екеуміз үнемі байланыстамыз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өз кезегінде М.Шентоп Елбасыға қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның жылы лебізін жеткізді.