Елбасы Тяньцзинь қаласындағы жарылысқа байланысты ҚХР Төрағасына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Тяньцзинь қаласындағы жарылысқа байланысты ҚХР Төрағасына көңіл айтты

Елбасы Тяньцзинь қаласындағы жарылысқа байланысты ҚХР Төрағасына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы

  • 13 Тамыз 2015
  • 590
Фото - Caravan.kz

Си Цзиньпинге Тяньцзинь қаласындағы химия зауытында болған жарылысқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта химия зауытындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. 

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, жеке өзінің және барша Қазақстан халқының атынан ҚХР Төрағасына, сондай-ақ қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.


Соңында Қазақстан Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Соңғы жаңалықтар