Салтанатты мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады.
«Тың игеру — ХХ ғасырдағы ұлығаусар әлеуметтік-экономикалық жоба, бүкіл дүниежүзінде оған балама табылмайды»,- деді Елбасы. «Тың — батырлардың бүтін бір тобын тәрбиелеп шығарды»,- деді Елбасы. 250 мың тың игеруші жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды, олардың 650-і батырдың Алтын жұлдызын кеуждесіне тақты.
Елбасы қазақстандықтарды осынау атаулы мерекемен құттықтап, еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, Ресей, Украина, Беларусь және басқа да елдерден Астанада жиналған алғашқы тың игерушілерге сәлем берді.