Елбасы үкімет мүшелерімен мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы үкімет мүшелерімен мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру мәселелерін талқылады

Елбасы үкімет мүшелерімен мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру мәселелерін талқылады

Бүгін, 28-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелерімен кеңес өткізді. Онда мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру мәселесі талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қыркүйек 2004
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 17-қыркүйекте Астанада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде Қазақстан президенті елімізде жаңа әкімшілік реформаның жүзеге асырылатынын хабарлаған. Осыған байланысты Елбасы үкіметке мемлекеттік басқару құрылымын қайта құруға қажетті құжаттарды он күнде дайындап бітіруге тапсырма берген болатын.

Мемлекеттік аппаратты жаңалау барысысында бірқатар министрліктер мен мекемелерді қайта құрып, олара қосымша құзыреттер жүктеу көзделіп отыр. Бұған қоса индустрия және сауда министрлігінің, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен қаржы министрліктерінің құзырет аясын кеңейту жоспарланғаны хабарланды.
Бүгінгі кеңес барысында да мемлекеттік аппараттың жұмыс тиімділігін арттыру тетіктері талқыланды.

Перейти к новостям спорта