Елбасы үкіметке әйелдер проблемасын шешуге бағытталған мемлекеттік стратегия жобасын жасауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы үкіметке әйелдер проблемасын шешуге бағытталған мемлекеттік стратегия жобасын жасауды тапсырды

Елбасы үкіметке әйелдер проблемасын шешуге бағытталған мемлекеттік стратегия жобасын жасауды тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияға үкіметпен бірлесе отырып "қазіргі бар гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдама негізінде әйелдер проблемасын шешуге бағытталған мемлекеттік стратегия жобасын жасап, келесі жылдан бастап жүзеге асыруды тапсырды". Мемлекет басшысы бүгін, 7-қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің ІҮ форумында сөйлеген сөзінде осындай тапсырма берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 7 Қыркүйек 2004
  • 732
Фото - Caravan.kz

«Бұл құжатта біз іс-қызметіміздің басымдық берілетін бағыттарын нақты белгілеп, әйелдер үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шараларының жүйесін мерзімімен қоса жан-жақты айқындауға тиіспіз»,- деді Н.Назарбаев. Президенттің айтуынша, «бұл мәселенің шешіміне еліміздің экономикалық өсу мақсаты тұрғысынан мән беру керек». Үкімет пен отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия жуық арада «Қазақстан экономикасы мұқтаж болып отырған мамандардың нақты есебін жасап, ұлттық жалпы өнімге әйелдер қосатын үлес салмақты айқындауы тиіс». Елбасының пайымдауынша, экономика саласына әйелдердің күшін мейлінше тартып, «қазіргі заманғы техникалық мамандықтарды игеруге ынталандыру қажет».

Сондай-ақ, Елбасының пікірінше, гендерлік теңдік қалыптастырудың тиімді жолдарын қалыптастыру үшін заңнамаларды жетілдіріп, осы бағытта жаңа заңдарды тездетіп қабылдау керек. «Заң жобасы әлдеқашан жасалғанына қарамастан, әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен оларға бірдей мүмкіндік жасау туралы заң әлі қабылданған жоқ»,- деді Н.Назарбаев. «Әйелдер құқығын қорғаудың құқықтық тетіктерін жасау жұмысын жалғастыру қажет»,- деді Елбасы. Н.Назарбаевтың пікірінше, адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл «ұлттық орталық құрамында әйелдер құқығын қорғау мәселесімен шұғылданатын арнайы бөлімше құра алады».
Сонымен бірге ана мен баланың денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажет. Мәселен, «Еңбек туралы» жаңа заң жобасында әйелдер үшін әлеуметтік кепілдіктерді мейлінше арттыру ләзім, дейді Елбасы. Осыған байланысты ол парламентке аталмыш заң жобасын қолдап, тез арада қабылдау туралы өтініш жасады. Әсіресе аналар денсаулығына баса назар аудару қажет, деп пайымдайды президент. Өйткені, «бұл мәселе еліміздің болашағына және балалардың денсаулығына тікелей байланысты».
Бұл орайда адамгершілік құндылықтарға көңіл бөлуді де естен шығармаған абзал, деді Н.Назарбаев. «Қоғамда неке және отбасылық қарым-қатынастарды ардақтау көзқарасын қалыптастырып, бұл құндылықтарды өскелең ұрпақтың санасына ерте бастан сіңіру қажет»,- деді ол.
ҚР президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия туралы әңгіме қозғаған мемлекет басшысы «оның тиімділігін уақыттың өзі көрсетіп берді» деп атап көрсетті. Отбасының, әйелдер мен балалардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың дәл осындай тетігі бұрынғы Кеңестік кеңістік аумағында жоқ деуге болады, деді президент.

Перейти к новостям спорта