Елбасы үкіметтегі бірқатар лауазым иелерін тағайындады- кеңейтілген нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы үкіметтегі бірқатар лауазым иелерін тағайындады- кеңейтілген нұсқа

Елбасы үкіметтегі бірқатар лауазым иелерін тағайындады- кеңейтілген нұсқа

Бүгін, 13-маусымда Елбасының жарлығымен үкіметтегі бірқатар лауазым иелері тағайындалды.

  • 13 Маусым 2003
  • 571
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлауынша, ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметіне Александр Павлов және вице-премьерлікке Сауат Мыңбаев тағайындалды.

Ал Қасымжомарт Тоқаев ҚР сыртқы істер министрлігін басқаратын болды.
Естеріңізге сала кетсек, премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтың үкіметінде Александр Павлов бірінші вице-премьер, Қасымжомарт Тоқаев —
ҚР сыртқы істер министрі әрі мемлекеттік хатшы болғаны белгілі.
Сауат Мыңбаев 1999-жылы ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары, 2001-жылдың мамыр айына дейін ауылшаруашылық министрі, 2001-жылдан бері «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ-ның президенті болған. Ал соңғы уақытта С.Мыңбаев мемлекеттік қызметте болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар