Елбасы Ұлттық банк төрағасына Ә.Сәйденовты бекіту туралы парламентке ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ұлттық банк төрағасына Ә.Сәйденовты бекіту туралы парламентке ұсыныс жасады

Елбасы Ұлттық банк төрағасына Ә.Сәйденовты бекіту туралы парламентке ұсыныс жасады

Бүгін, 26-қаңтарда Астанада өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әнуар Сәйденовты Ұлттық банк төрағасына бекіту туралы ұсыныс жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 493
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы осы орайда «жеке өтініші бойынша Александр Павлов ҚР үкімет басшысының бірінші орныбасары лауазымынан босатылып, оның орнына ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченконың тағайындалғанын » еске салды. «Төрағалыққа ұсынылған барлық үміткерлер туралы жан-жақты саралай отырып, ең лайық деп тапқан адамның есімін өздеріңіздің назарларыңызға ұсынып отырмын,- деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, Ә.Сәйденовтың көп жылғы тәжірибесі мен оның «халықаралық қаржы саласындағы танымалдығы оның осынау жоғары лауазымды сеніп тапсыруға лайық деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді».
Қазіргі сәтте парламент Ә.Сәйденовтың кандидатурасын талқылау үстінде.
Ә.Сәйденов 1960-жылы туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті мен Лондон университетін бітірді, мамандығы- экономист.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің кеңесшісі және банкирі болып істеді. ҚР инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Агенттігін басқарды. 1999-2000-жылдарда ҚР қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2000-2002-жылдарда Қазақстан Халық банкінің басқармалары төрағасы және «Эксимбанк Қазақстан» банкінің директорлары кеңесінің төрағасы болды. Ә.Сәйденов ҚР Ұлтық банкі төрағасының орынбасары лауазымына екі мәрте иемденді. Алғаш рет бұл қызметке 1996-жылы тағайындалып оны 1998-жылға дейін атқарды. Ә.Сәйденов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып 2002-жылы қайтадан тағайындалды. Г.Марченко ҚР үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалған сәттен бері Ә.Сәйденов Ұлттық банк төрағасының міндетін уақытша атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар