Елбасы Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің аумағында Тәуелсіздік монументінің ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің аумағында  Тәуелсіздік монументінің  ашылуына қатысты

Елбасы Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің аумағында Тәуелсіздік монументінің ашылуына қатысты

ВАШИНГТОН. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Вашингтонда Қазақстан елшілігінің алдына қойылған Тәуелсіздік монументін ашты. Бұл шараға АҚШ-тың энергетика министрі С. Бодман мен Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қанат Саудабаев және АҚШ конгресінің мүшелері мен Қазақстан делегациясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің арнаулы тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2006
  • 1031
Фото - Caravan.kz

Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатында сөйлеген Елбасы бұның біздің еліміз үшін өте мәнді оқиға екендігін айтты.

«Осындай монумент біз тәуелсіздігімізді жариялаған Алматыда орнатылған. Бұнда археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған сақ жауынгері бейнеленген. Оған 2,5 мың жыл. Тарихи деректер оның парсылармен соғыста қаза тапқандығын айтады. Ол жауынгер болғанымен, қаруы қынында, қолында ұстаған қыраны бейбіт халықты бейнелеп тұр. Қазіргі Қазақстан да бейбітшілікке ұмтылған саясат ұстанады. Сол үшін ол ядролық қарудан бас тартып, қару таратпау мен қарусыздану салаларында АҚШ-пен ынтымақтастып келеді, — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент сондай-ақ АҚШ пен Вашингтон қаласының басшылығына үлкен ризашылығын жеткізді.

Елбасынан кейін сөз алған АҚШ-тың энергетика министрі С. Бодман да бүгінгі оқиға ерекше маңызды екендігін айтып, аталған ескерткіш Вашингтондағы ескерткіштерді толықтыра түскендігін жеткізді. «Бұл ескерткіш біздің берік достығымызды еске салып тұрады. Осынау әсем ескерткіш сақ сауынгері сынды берік, мығым мемлекеттің белгісі. Бәйтерек мұнарасына шыққан кезде мен екі ел арасындағы кейбір ұқсастықты аңғардым: мен жаңадан салынып жатқан Қазақстанның Елордасын мен Потомак өзенінің жағасында бой көтерген қазіргі АҚШ Астанасымен салыстырдым. Қазір екі мемлекет те дербес саяси және экономикалық еркіндікке негізделген өзін-өзі басқаруға талпынып отыр «, -деп атап көрсетті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта