Мұнда мемлекет басшысы "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның қаржысымен жөндеуден өткен №2 мектепте болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жер сілкінісінен зардап шеккен ауданда қазіргі жағдаймен 2104 жаңа үй салынып, 4720 үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары 15-қарашада аяқталады деп межеленген. Зілзаладан зардап шеккен ауданды қалпына келтіруге арналған біріккен бюджет қоржынына 15,2 млрд. теңге құйылды.
Елбасының Жамбыл облысына жасайтын жұмыс бабындағы сапары одан әрі жалғасуда.
Елбасы Жамбыл облысы Құлан ауылындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
