Елбасы жаңа үлгідегі вагондар шығаратын зауытты іске қосты - Павлодар облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы жаңа үлгідегі вагондар шығаратын зауытты іске қосты - Павлодар облысы

Елбасы жаңа үлгідегі вагондар шығаратын зауытты іске қосты - Павлодар облысы

Екібастұзда «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» жылына үш мың жүк вагонын шығаратын заманауи автоматтандырылған өндірісті құру жөніндегі инвестициялық жобаның үшінші кезеңін аяқтады.

  • 4 Шiлде 2011
  • 476
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Елбасымен болған телекөпір кезінде компанияның бас директоры Қабылбек Төлепбергенов мәлім етті.

«Жаңа өндірістің ерекшелігі — оның жаңашылдығы, өндіріс үдерісінде роботтар мен микропроцессорлық техникалар қолданылды. Және осы жағдай «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушы үшін жүк вагондарының модельдік қатарын кеңейтуге мүмкіндік берді. Өндірістегі қазақстандық қамтудың үлесі қазірдің өзінде 25 пайызды құрап отыр. Екі жылдан кейін Қазақстанның машина жасау зауыттарында қосалқы және құрастырушы бөлшектер өндірістерін жолға қойып, бұл көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізбекпіз», — деді Қ.Төлепбергенов.

Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Бұл маңызды жоба, себебі еліміздегі вагондардың 80 пайызы ескі. Зауыт шығаратын вагондарға деген сұраныс Қазақстанда да, шет елдерде де үлкен. Зауыттың экспортқа өнім шығаратындығына сенімдімін. Бұл баршамыз үшін жақсы жаңалық. Зауыттың іске қосылуымен сіздерді құттықтаймын және үлкен табыс, мықты денсаулық тілеймін. Зауытты іске қосыңыздар!»,- деді.

Екібастұз зауытынан шыққан жаңа үлгідегі алғашқы вагондар аттандырылды.

Соңғы жаңалықтар