Елбасы Жарлығымен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Жарлығымен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Елбасы Жарлығымен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының ғарышкері  Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

  • 14 Қазан 2015
  • 739
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

А.А.Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан, №102

Соңғы жаңалықтар