Елбасы "Жарнама туралы" және "БАҚ-тар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы "Жарнама туралы" және "БАҚ-тар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды

Елбасы "Жарнама туралы" және "БАҚ-тар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Жарнама туралы" және "БАҚ-тар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды,- деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметінен .

  • 22 Желтоқсан 2003
  • 2695
Фото - Caravan.kz

Жаңа заңға сәйкес, 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап спиртті өнімдерді жарнамалауға мүлдем тыйым салынады. Сондай-ақ, ресми хабарламаларды, президенттіктен және өкілетті органдардың депутаттығынан үміткерлердің сөзін, білім беру саласындағы және діни хабарларды, балалар мен жасөспірімдерге арналған жарнамадан басқа балаларға арналған бағдарламаларды жарнамамен (соның ішінде ілеспелі жолмен берілетін жарнамалармен) бөлуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, Қазақстанда міндетті түрде сертификациялануы тиіс, бірақ одан өтпеген тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлерін, ана сүтін алмастыратын жасанды өнімдерді жарнамалауға тыйым салынады. Бұған қоса қарапайым акциялар бойынша кіріс мөлшеріне кепілдік беруге және дивиденд мөлшерін жарнамалауға да тыйым салынды.
Жаңа заң бойынша радио және телеарналар арқылы берілетін жарнама эфир уақытының 15 процентінен артық емес мөлшерді иемденіп, жарнаманың барлық түрі міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде таратылуы тиіс. Ал темекі өнімдерінің жарнамасы тек басылым беттерінде ғана жарық көруі қажет, бірақ ол басылымның алғашқы және соңғы беттерінде басылуға тиіс емес.

Соңғы жаңалықтар