Елбасы жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысын аралайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысын аралайды

Елбасы жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысын аралайды

25-26-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы экономикалық ахуалмен танысу үшін Алматы облысын аралайды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Талдықорғаннан.

  • 25 Тамыз 2003
  • 462
Фото - Caravan.kz

25-тамыз, дүйсенбіде мемлекет басшысы Талдықорғандағы облыстық ІІББ-ның жаңа ғимараты мен қалалық аквасаябақты аралап, көп балалы Тұрсынай Омарбекованың отбасында болады. Сондай-ақ, бұл күні Н.Назарбаев аймақтағы маңдай алды кәсіпорындардың біріне саналатын «Хельниченко и К» ауылшаруашылығы кәсіпорнының жұмысымен танысады.

Ал 26-тамыз, сейсенбідегі күн тәртібіне сәйкес, Н.Назарбаев «Саф әйнек компаниясы» ААҚ-ның жұмыс барысымен танысып, «Эфес-Қарағанды сыра зауыты» ЖАҚ-ның жаңа сыра қайнату зауытының ашылуына қатысады. Сондай-ақ, Елбасы Қарасай ауданындағы «Дихан» өндірістік коопертиві мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Қазэксим» ЖШС-не қарасты егістік алқаптарын аралап көреді.

Соңғы жаңалықтар