Елбасы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді

Елбасы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді

Алматы. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қараша 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әуежайда Елбасын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қарсы алды. Ол президентті аз уақыт бұрын іске қосылған ұшып-қону белдеуінің техникалық сипаттамаларымен таныстырды және Алматы әуежайын дамыту жоспарлары жайлы әңгімелеп берді.

Жаңа ұшып-қону белдеуінің ашылуы Алматы халықаралық әуежайына жүк және жолаушы тасымалдау санын едәуір арттыруға септігін тигізеді. Екінші ұшып-қону белдеуі (ҰҚБ-2) Азия мен Европа арасындағы әуе көлік ағындарын байланыстыра отырып, Алматыны әлемдік көлік жүйесіндегі маңызды транзиттік және логистикалық орталықтар қатарына қосып отыр. Соңғы жылдар ішінде Қазақстан арқылы әлемнің бетке ұстар авиакомпаниялары тарапынан ауыр ұшақтармен жасалатын жолаушы және жүк тасымалы мен транзиттік рейстер саны артып келеді. Асфальтобетонды жамылғыларды күрделі жөндеуден өткізу уақыты нормативтер бойынша 5 жылдан 7 жылға дейінгі уақытты алады. Ал қазіргі кездегі бірінші ұшып-қону белдеуінің жөндеуден кейінгі ауыр ұшақтардың ұшып-қонуымен пайдалану уақыты 9 жылды құрайды. Осыған байланысты Алматы халықаралық әуежайының басшылығы екінші ұшып-қону белдеуін салу жөнінде шешім қабылдаған.

Бүгінгі таңда Алматы әуежайында көптеген жақсы өзгерістер болып, Азия-Европа-Азия бағытындағы басты жүк және жолаушы тасымалдауға бағытталған халықаралық хаб және көліктік-таратушы орталығының дәрежесін иемденді.

Сонымен қатар Елбасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында ашылған Райымбек, Сүйінбай және Пушкин көшелерінің қиылысындағы жол айрығын көрді. Жол айрықтың өткізу қабілеті тәулігіне 266,7 мың автокөлік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар