Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен кездесті.
«Кездесу кезінде екі ел президенті екі жақты қарым-қатынас пен аймақтағы ахуалға байланысты кең көлемді мәселелер бойынша пікір алмасты. Екі елдің мемлекет басшысы өзара ұстанымдардың жақындығы мен екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Бүгін сондай-ақ мемлекет басшыларының басқаруымен мемлекетаралық үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті