Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысы жобаны жаңа зауыттың директоры Валерий Сон таныстырады.
«SONIK» компаниясы зауытының жалпы құны — 760,1 миллион теңге. Оның ішінде 196,0 миллион теңге — заемдық сома да, 564,1 миллион теңге — компанияның өз қаражаты. Құрылыс барысында — 70 жұмыс орны, пайдалануға берілген соң — 150 жұмыс орнын құру жоспарланған бұл зауыттың жобалық қуаты — 10 мың тонна профильдік құбыр.
Бүгін Мемлекет басшысына Алматы облысының атынан тағы бір жоба таныстырылады, ол — Жетіген-Қорғас теміржол желісінің құрылысы. Жобаның жалпы құны — 154,9 миллиард теңге. Қазақстан аумағы арқылы өтетін теміржол желісінің ұзындығы — 292,5 шақырым. Бұл жобаны жүзеге асыру 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жетіген-Қорғас-Қазақстан Республикасының шекарасы жаңа теміржол желісі іске қосылған соң Қытайға баратын жол 500 шақырымға қысқарады. Жобаның тапсырыс берушісі — «Қазақстан темір жолы» компаниясы. Теміржол желісінің құрылысы бойынша жұмыстар 2010 жылы басталып кетті.