Елбасымен болатын телекөпірдің барысында Алматы облысының екі жобасы таныстырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасымен болатын телекөпірдің барысында Алматы облысының екі жобасы таныстырылады

Елбасымен болатын телекөпірдің барысында Алматы облысының екі жобасы таныстырылады

Бүгін тікелей эфирде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін телекөпірдің барысында Алматы облысының Іле ауданында «Компания SONIK» серіктестігінің профильді құбырлар өндірісіне арналған зауыты іске қосылады.

  • 4 Шiлде 2011
  • 406
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысы жобаны жаңа зауыттың директоры Валерий Сон таныстырады.

«SONIK» компаниясы зауытының жалпы құны — 760,1 миллион теңге. Оның ішінде 196,0 миллион теңге — заемдық сома да, 564,1 миллион теңге — компанияның өз қаражаты. Құрылыс барысында — 70 жұмыс орны, пайдалануға берілген соң — 150 жұмыс орнын құру жоспарланған бұл зауыттың жобалық қуаты — 10 мың тонна профильдік құбыр.

Бүгін Мемлекет басшысына Алматы облысының атынан тағы бір жоба таныстырылады, ол — Жетіген-Қорғас теміржол желісінің құрылысы. Жобаның жалпы құны — 154,9 миллиард теңге. Қазақстан аумағы арқылы өтетін теміржол желісінің ұзындығы — 292,5 шақырым. Бұл жобаны жүзеге асыру 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жетіген-Қорғас-Қазақстан Республикасының шекарасы жаңа теміржол желісі іске қосылған соң Қытайға баратын жол 500 шақырымға қысқарады. Жобаның тапсырыс берушісі — «Қазақстан темір жолы» компаниясы. Теміржол желісінің құрылысы бойынша жұмыстар 2010 жылы басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар