Елбасының айтуынша, бізде шетел инвестициялары сыртқа кетіп жатқан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының айтуынша, бізде шетел инвестициялары сыртқа кетіп жатқан жоқ

Елбасының айтуынша, бізде шетел инвестициялары сыртқа кетіп жатқан жоқ

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Елбасының айтуынша, бізде шетел инвестицияларының сыртқа кетуі жоқ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қазан 2008
  • 984
Фото - Caravan.kz

«Бізде шетел инвестициялары сыртқа кетіп жатқан жоқ. Себебі, олар Қазақстанның барлық резиденттері, яғни азаматтары арқылы арнайы бақылауға алынған. Өйткені, елімізде резидент еместер онша көп емес. Дегенмен, капиталдың келуі азайғаны рас. Міне, осы проблема. Бірақ әлемде ақша жеткілікті, яғни қаржы ешқайда кеткен жоқ. Саяси тұрақты, заңы мықты елдер жақсы инвестициялық ахуал қалыптастыру арқылы сол қаржыны өзіне тарта алады»,- деді президент.

Н.Назарбаев Павлодарда энергетиканы дамыту туралы кеңес өткізгенде Балқаштағы аса ірі жылу-электр орталығына 2,3 млрд. доллар керек екендігін айтқан болатын. Бүгінде осы жобаға қаржы салғысы келетін шетелдік компаниялар табылып отыр. Олардың қатарында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея компаниялары бар. Өзіміздің компаниялар да қатысуға ықыласты көрінеді. Бұл — бір мәселе.

Өзге де жобалар бар. Мысалы, Ресейдің «Русал» компаниясы Екібастұзда алюминий зауытын салғысы келеді. ГРЭС-2-ні кеңейту ісі күн тәртібінде тұр. Бұл қадамдарға белсенді баруымыз керек. Елбасы Таразда кеңес өткізгенде өзіміздің, ресейлік, шетелдік компаниялар қатысқанын айтты. Олар сол арада 5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға ықыласты екендіктерін білдірген. Қатысу шарттарын сұрағанда олар түрлі өндіріс орындарына өздерінің ақшаларын салатындарын мәлімдеген. Өйткені, олардың өз банктері бар екен. Мұндай жобалар көп.

«Мен үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзімде кейістік білдіріп, сынасам, осындай мәселелерді үкімет тезірек шешсін дегенім, деді президент сұхбаттасушыларға.

«Біз жаңа Салық кодексін жасадық. Онда корпоративтік табыс салығын (КТС) жыл сайын азайта отырып, 2011 жылы 15 пайызға дейін азайту көзделеді. Мұндай преференциялар ешкімде жоқ. Сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдерінің қарыздарын 3 жылдан 10 жылға дейін шегере тұру жөнінде шешім қабылдадық. Бұл — үлкен көмек. Демек, жыл сайын компанияларда 300 млрд. теңге қалып отырады. Сонымен қатар елімізде бірнеше еркін экономикалық аймақ бар. Олар үшін қарастырылған жеңілдіктер тіптен орасан. Міне, осындай буырқанған дүниеде қай елде тұрақтылық бар, сол елге инвесторлар да алыстан көз тігеді»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті