Жарияланды: 490

Елбасының атына әлемдегі танымал опера әншілерінен зор ризашылықтарын білдірген хат келді

Елбасының атына әлемдегі танымал опера әншілерінен зор ризашылықтарын білдірген хат келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «Опералия» IV халықаралық фестиваліне қатысушылардан - Италия, Германия, Голландия, Норвегия мен Ресейдің әлемдегі танымал опера әншілерінен осы халықаралық музыкалық форумды тамаша ұйымдастырғаны және жылы шырайлы қабылдауы үшін зор ризашылықтарын білдірген хат келді,

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. «Қазақстанның жас елордасы ­- Астана өзінің даму серпінімен, жаңа зор заманауи ғимараттарымен бізді қайран қалдырды. Бізді, әсіресе Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Өнер» ұлттық универсиеті тәрізді жаңа бірегей мәдениет нысандарының құрылысы қуантты. Сонымен қатар, біз ең жоғары талаптарға сәйкес келетін, бүгінде әлемдегі осындай түрдегі ғимараттар саналатын Опера театрының жаңа ғимаратымен таныстық. Осыдан-ақ біз Сіздің мәдениет пен өнерді дамытуға ерекше көңіл қоятын ерекшелігіңізді байқадық. Сондай-ақ бізді қазақстандық әртістердің жылдан-жылға артып келе жатқан жоғары кәсіби және шеберлік деңгейлері сүйсінтті. Осындай қамқорлықтың арқасында олар беделді байқауларда жиі жеңімпаз атанып жүр. Әлемдік дағдарыс жағдайында, әлемнің жетекші елдерінде мәдениет қиындықты бастан кешіп отырған уақытта, Қазақстанда өнердің ең таңдаулы түрі - опера мен балеттің қайта өрлеу дәуірі басталды. Қазақстандық әртістер көптеген қойылымдарда әлемдік жұлдыздармен тең деңгейде өнер көрсетіп келеді. Біздің қазақстандық әріптестеріміз Сіздің опера мен балет өнерін қадірлейтініңізді, жаңа қойылымдардың барлық премьерасына баратыныңызды мақтанышпен айтып берді. Біз бүгінде қазақстандық театрлардың репертуарлары қаншалықты әртүрлі екенін көріп отырмыз. Қазақстандық сахналарда көп ғасырлық тарихы бар, әлемнің кез келген театрының репертуарын байыта түсетін әлемдік классикалық туындылар қойылуда. Бүгінде Қазақстан, оның әсем елордасы Астана ­тек Еуразия жүрегі ғана емес, сондай-ақ Шығыс пен Батысты, мәдениет пен өркениетті жалғастыратын көпір болып табылады. Елорда күні қарсаңында Сізге денсаулық, бақыт, толайым табыстар және сарқылмайтын шабыт тілейміз!», - делінген хатта. Хат авторлары - опера әншілері Сальваторе Личитра (Италия), Амарилли Ницца (Италия), Тициано Карузо (Италия), Франческо Аниле (Италия), Карло Ди Кристофоро (Италия), Роберто Ди Кандия (Италия), Вильям Грациози (Италия), Дину Тамажлакару (Германия), Яна Саленко (Германия), Юргтиа Дронин (Голландия), Йоэль Карреньо (Норвегия), Анастасия Матвиенко (Ресей), Денис Матвиенко (Ресей), Владимир Малахов (Германия) және Надежда Сайдакова (Германия).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін