Елбасының ауруханаға түсуіне байланысты алдағы уақытқа жоспарланған сапарлар кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының ауруханаға түсуіне байланысты алдағы уақытқа жоспарланған сапарлар кейінге қалдырылды

Елбасының ауруханаға түсуіне байланысты алдағы уақытқа жоспарланған сапарлар кейінге қалдырылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханаға түсуіне байланысты алдағы уақытқа жоспарланған сапарлар уақытша кейінге шегерілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 18-қарашада ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қараша 2003
  • 583
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы суық тиіп ауыруға байланысты республикалық клиникалық ауруханаға стационарлық емдеу мақсатымен жатқызылды.

19-қарашада мемлекет басшысының Ақтөбе облысына сапары жоспарланып, онда Хромтау-Алтынсарин темір жол тармағының салтанатты ашылу рәсімі өтуі тиіс болатын. Ал 20-қарашада ҚР Елбасының Австрияға сапары межеленген. Онда Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында сөз сөйлейді деп күтілген еді.

Соңғы жаңалықтар