Қазақстан басшысы Еуропалық парламенттің бас пәтерінде болып, Еуропарламент президенті Хосеп Боррельмен кездесті.
Кездесу кезінде экономикалық, саяси және мәдени салалардағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
— Мен Қазақстан президенттін экономикалық өсуді 10 пайыз деңгейінде жеделдетуге мүмкіндік берген табысты экономикалық реформаларымен құттықтадым. Біз Қазақстанның бұдан әрі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ДСҰ-ға кіру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз. Мен сондай-ақ президент мырзаны Семей полигоны жабылуының 15-жылдығымен құттықтадым. Қазақстан қарусыздандыру және жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне айтарлықтай үлес қосты. Мен сондай-ақ президент мырзаны экономика саласында жүргізіп отырған табысты саясатымен, сонымен бірге адам құқықтары саласындағы жетістіктерімен құттықтадым, — деді Х.Боррель журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті