Елбасының денсаулығына аландауға себеп жоқ – Айдос Үкібай - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының денсаулығына аландауға себеп жоқ – Айдос Үкібай

Елбасының денсаулығына аландауға себеп жоқ – Айдос Үкібай

Сондай-ақ ол Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулық жағдайы медициналық қызметтердің бақылауында екенін, үрей мен алаңдаушылыққа себеп жоқ екенін айтты.

Елбасы қазіргі заманғы коммуникация арналарын пайдалана отырып, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда. Бекітілген хаттамаға сәйкес, Тұңғыш Президенттің басқа адамдармен жеке байланысы шектеулі. Елбасының қатысуымен өтуі жоспарланған кейбір іс-шаралар бейнеконференц байланысы арқылы онлайн-режимде өтетін болады. Ресми ақпарат пайда болған алғашқы минуттан бастап біз Тұңғыш Президентке тез арада сауығып кетуді тілеген мазасызданған азаматтардың хабарларын ала бастадық. Менің телефоным қоңыраулар мен хабарламалард

  • 18 Маусым 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Елбасы қазіргі заманғы коммуникация арналарын пайдалана отырып, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда. Бекітілген хаттамаға сәйкес, Тұңғыш Президенттің басқа адамдармен жеке байланысы шектеулі. Елбасының қатысуымен өтуі жоспарланған кейбір іс-шаралар бейнеконференц байланысы арқылы онлайн-режимде өтетін болады. Ресми ақпарат пайда болған алғашқы минуттан бастап біз Тұңғыш Президентке тез арада сауығып кетуді тілеген мазасызданған азаматтардың хабарларын ала бастадық. Менің телефоным қоңыраулар мен хабарламалардан "жарылуға" шақ қалды. Журналистер, достар, туыстар, цех бойынша әріптестер, соның ішінде жақын және алыс шетелдерден азаматтар Елбасына күш пен мықты денсаулық тілейді. Бірінші Президентке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз қолдауын білдірді, жеделхаттар мен хаттар еліміздің барлық аймағынан Елбасы кеңсесіне келіп түсіп жатыр, — деді Елбасының баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға және өз атына жылы сөздер арнағандарға алғыс білдіретінін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар