Астанада өтіп жатқан Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде баяндама жасаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жеке мүлікті заңдастыру науқаны жарияланды, менің байқауымша , түсінік беру жұмыстары өте баяу жүргізілуде. Бұл үкіметке , әсіресе жергілікті атқару органдарына қатысты»,-деді.
«Қазақстанда бүгінде шамамен 4,7 млн. нысанның адресі жоқ. Меніңше, мұның өзі нақты емес. Егер осы насандардың бәрінің адресі анықталып, нақты баға берілсе, онда бұл мүліктер айналымға түсіп, ел экономикасына жұмыс істер еді», деді Елбасы.
«Адамдар қорықпауы тиіс. Мен, президент ретінде, заңда көрсетілген -қылмыстық және салықтық қудаламау кепілі жүзеге асырылатындығына кепілдік беремін»,-деп атап өтті Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті