Жарияланды: 570

Елбасының қатысуымен Ақбақай алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты индустриялық-инновациялық форум барысында Елбасы Н. Назарбаев жалпыұлттық телекөпір арқылы Жамбыл облысындағы Ақбақай алтын өндіру фабрикасын іске қосты.

«Алтыналмас» АҚ алтын шығару үшін озық техника мен заманауи шетел жетістіктерін пайдаланып, құрамында алтыны бар руданы өңдеу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырады. Жобаның құны 8 140 млн.теңге құрайды. 450 жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынды жұмысқа қосу Ақбақай кенті су көзін иеленеді деген сөз. Сондай-ақ, өнеркәсіп энергия жүйесін қалпына келтіруге және жаңартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында кент тұрғындары да пайдалана алатын күшейтілген медициналық қызмет құрылады. Осыған қоса, жобаланып отырған қуатына шыққан кезде ағымдағы бағалар мен алтынға деген сұранысты пайдаланып, кәсіпорын ел бюджетіне 3,0 млрд. теңгеге дейін салық төлей алады. Шикізатты өндіру қуаттылығы жылына 1,0 млн.тоннаға немесе 14,0 млрд.теңгеге дейін өседі. Елбасы жобамен телекөпір арқылы танысып шыққан соң, нысанды қосуға рұқсатын беріп, өңір халқын құттықтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін