Елбасының қатысуымен Ата Заңның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының қатысуымен Ата Заңның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция жұмысын бастады

Елбасының қатысуымен Ата Заңның 20 жылдығына арналған халықаралық конференция жұмысын бастады

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығына арналған

  • 28 Тамыз 2015
  • 517
Фото - Caravan.kz


«Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады.

Шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың делегациялары, яғни ЕҚЫҰ, ЕАЭО соты, БҰҰ, Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы және басқа да ұйымдар өкілдері қатысуда.
Сонымен қатар конференцияға 28 елдің құқық қорғау мекемелері мен прокуратураларының, соттарының, конституциялық бақылау органдарының басшылары, отандық және шетелдік танымал заңгер-ғалымдар шақырылды.
Айта кетейік, форум аясында «Қазақстан тренді: тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мемлекетке» атты кітаптың тұсаукесері өтеді. Онда мемлекет құрылысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың және Ата Заңның рөлі, 20 жыл ішінде Қазақстанның құқықтық даму аясындағы жетістіктері туралы шетел мемлекеттерінің, сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың мақалалары мен пікірлері жинақталған. 
Конференция жұмысы ертең Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Қазақ гуманитарлық заң университетінде жалғасады.

Соңғы жаңалықтар