Елбасының Тәжікстан Республикасына ресми сапары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының Тәжікстан Республикасына ресми сапары басталды

Елбасының Тәжікстан Республикасына ресми сапары басталды

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен  Душанбе қаласына келді. Мемлекет басшысын Кохи Миллат Ұлттар сарайында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.    

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының сапары барысында бүгін, 14 қыркүйекте Тәжікстан Президенті Э. Рахмонмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жоспарланған.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды. Бұдан басқа, Елбасының Тәжікстан Республикасы Жоғары Жиналыс өкілдері палатасының төрағасы Ш. Зухуровпен кездесуі жоспарланып отыр.

Келіссөз  қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою жоспарлануда. Атап айтқанда: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар істері, спорт және туризм комитеті арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың 2016-2017 жылдарға арналған бағдарламасы; Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы Үкіметтері арасындағы Қазақстан Республикасының  еңбек етіп жатқан мигранттары,   азаматтары, Тәжікстан Республикасында уақытша жұмыс істейтіндердің еңбек қызметі мен олардың құқықтарын қорғау туралы, Тәжікстан Республикасының  еңбек етіп жатқан мигранттары,   азаматтары, Қазақстан Республикасында уақытша жұмыс істейтіндердің еңбек қызметі мен олардың құқықтарын қорғау туралы 2006 жылғы 4 мамырдағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;  Қазақстан Республикасы Үкіметі және Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2000 жылғы 13 маусымдағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама; Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы ақпаратты техникалық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шарт.

Қазақстан мен Тәжікстан Республикалары арасындағы байланыс тәуелсіздік алғаннан бері достық пен әріптестік аясында дамып келеді. Екіжақты ынтымақтастықты қамтитын 80-ге жуық құжат бар. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 700,4 млн долларды құрады. Ал 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 299,2 млн доллар болды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмен. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында 325 млн долларға жеткен еді.


Қазақстан Тәжікстанмен арадағы сыртқы сауда көлемі жағынан тұрақты түрде  Ресейден кейінгі екінші орын алады.

Қазақстан үшін ынтымақтастықтың басымдықты бағыттары — тау-кен өнеркәсібі, түсті металлургия, машина құрылысы, энергетика, тамақ өнеркәсібі, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы салалары.

Ертең, 15 қыркүйекте ҚР Президенті ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің (ҰҚК) мемлекет басшылары деңгейіндегі сессиясына қатысады.

Соңғы жаңалықтар