Елбасының төрағалығымен Жоғары қамқоршылық кеңестің тұңғыш отырысы басталды
Назарбаев университетінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Жоғары қамқоршылық кеңесінің тұңғыш отырысы басталды. Жоғары қамқоршылық кеңес Назарбаев университетінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің және мен Назарбаев қорының бас меңгеру органы болып табылады, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі. |
Кеңес міндеттеріне ұйымдар саясаты мен оларды басқару және меңгеру мәселелері жөнінде шешім қабылдау жатады. Кеңестің тұнғыш төрағасы - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Жоғары қамқоршылық кеңесіке 7 адам кіреді. Осымен қоса университеттің, мектептердің және қордың жеке қамқоршылық кеңестері бар. Олар жоғары қамқоршылық кеңестің шешімдеріне бағынады.
Еске сала кетсек, Назарбаев университетінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің және Назарбаев қорының әрекеті «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңмен реттеледі. Аталмыш заң ұйымдардың дербестік және өз өзін-өзі басқарушылық; академиялық еркіндік; білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциясы; шешімдер қабылдаудың алқалығы; әлеуметтік жауапкершілік пен айқындық тәрізді жұмыс қағидаттарын бекітеді:
Назарбаев университетінің және Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұйымдастырушысы - ҚР Үкіметі. Назарбаев қоры - коммерциялық емес ұйым, ол тек қана университеттің және зияткерлік мектептердің әрі олардың ұйымдарының әрекетін қаржыландыруға құрылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін