Кеңес міндеттеріне ұйымдар саясаты мен оларды басқару және меңгеру мәселелері жөнінде шешім қабылдау жатады. Кеңестің тұнғыш төрағасы — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Жоғары қамқоршылық кеңесіке 7 адам кіреді. Осымен қоса университеттің, мектептердің және қордың жеке қамқоршылық кеңестері бар. Олар жоғары қамқоршылық кеңестің шешімдеріне бағынады.
Еске сала кетсек, Назарбаев университетінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің және Назарбаев қорының әрекеті «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңмен реттеледі. Аталмыш заң ұйымдардың дербестік және өз өзін-өзі басқарушылық; академиялық еркіндік; білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциясы; шешімдер қабылдаудың алқалығы; әлеуметтік жауапкершілік пен айқындық тәрізді жұмыс қағидаттарын бекітеді:
Назарбаев университетінің және Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұйымдастырушысы — ҚР Үкіметі. Назарбаев қоры — коммерциялық емес ұйым, ол тек қана университеттің және зияткерлік мектептердің әрі олардың ұйымдарының әрекетін қаржыландыруға құрылған.