Жарияланды: 640

Елбасының туған жерінде мерекелік концерт өтеді

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Үшқоңыр ауылында тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Астана күніне орай мерекелік концерттік шаралар өтеді. Аталған іс-шараны ҚР Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастыруда.

Меркелік шараға Қазақстанның халықтық шығармашылық майталмандары мен отандық эстарда жұлдыздары қатысады. Атап айтар болсақ, әншілерден Айжан Нұрмағамбетова мен Толқын Забирова, қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбырада ойнайтын талантты орындаушылар Ақерке Тәжібаева мен Олег Никитин өз өнерлерін қалың жұртшылыққа паш етпек. Сонымен қатар А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары да би билеп, мерекенің көркін қыздырмақ. Қазақстан өнер шеберлерінің концерті еліміздің Тұңғыш Президенті сонау жылдары білім алған Қарасай Батыр атындағы орта мектептің аумағында өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін