Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы төл тарихымызға қызығушылықты арттырады - Серік Бейсембаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы төл тарихымызға қызығушылықты арттырады - Серік Бейсембаев

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы төл тарихымызға қызығушылықты арттырады - Серік Бейсембаев

Біздің зерттеулерге сәйкес, еліміздің тарихы халық арасында аса қызығушылық тудырады. Кез келген қазақ тіліндегі басылымды қарасақ, тарих мәселесі ең жиі көтерілетін тақырыптардың бірі.  Бұл біздің қоғамда тарихи сананың қалыптасу процесінің жүріп жатқандығының белгісі.

  • 27 Қараша 2018
  • 94
Фото - Caravan.kz

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бұл үрдіске жаңа леп берері анық. Біріншіден, тарихты зерттеу бойынша ұсыныстар жүйеге түсуі өте маңызды. Әсіресе, тарихшылардың жаңа буынының осы жұмысқа тартылуы зор жетістік болар еді.

Екіншіден, жаңа жобалар арқылы тарихи жадының жетілуіне мүмкіндік ашылуы назар аударады. Оның ішінде ежелгі қолөнер бойынша мұражай ашу, Отырарға қаласына қатысты туристік жобаны қолға алу секілді тың бастамаларды айту қажет.

Үшіншіден, тарихты танымал ету және ол үшін жаңа форматтағы өнімдерді пайдалану оң үдеріс деп білемін. Бұл төл тарихымызға жас буынның қызығушылығы артуына жол ашады.


Айналып келгенде, ел тарихына терең бойлау арқылы ұлтты ұйыстыру бағытында маңызды қадам жасалды деуге болады, дейді ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Серік Бейсембаев.

 

Соңғы жаңалықтар