Сапар шеңберінде президент ІІ Елизавета ханшамен, премьер-министр Тони Блэрмен келіссөздер жүргізеді. Олардың барысында негізінен мынадай мәселелерді талқылау көзделіп отыр: халықаралық қауіпсіздік саласындағы әріптестік; Орталық Азиядағы және Каспий аймағындағы аймақтық ынтымақтастық; энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; саяси ықпалдастық;
Қазақстан экономикасын диверсификациялауға жәрдемдесу; демократиялық реформалар, даму институттары мен азаматтық қоғам құру мәселелерін ілгерілету.
Сапар аясында экономикалық мәселелерге баса назар аударылмақ. Британияның саяси және іскер топтары өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Елбасы Лондон қор биржасы мен металл биржасында болып, «Қазына» қоры және «Самұрық» холдингі, Алматыдағы аймақтық қаржылық орталықтың тұсаукесерлерін өткізеді деп межеленген.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Астана мен Лондон арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоды деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті