Елбасының жаңа мақаласында көрсетілген міндеттер ұлтты қалыптастыру тұрғысынан өте маңызды - Исатай Минуаров - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының жаңа мақаласында көрсетілген міндеттер ұлтты қалыптастыру тұрғысынан өте маңызды - Исатай Минуаров

Елбасының жаңа мақаласында көрсетілген міндеттер ұлтты қалыптастыру тұрғысынан өте маңызды - Исатай Минуаров

Елбасының жаңа мақаласында көрсетілген міндеттер “Рухани жаңғырудың” қисынды жалғасы ретінде тарихи жад, ұлтты қалыптастыру тұрғысынан өте маңызды.

  • 26 Қараша 2018
  • 88
Фото - Caravan.kz

Кеңестік дәуірде тарихымызды толық зерттеуге, талқылауға шектеу болғаны мәлім. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында еліміз өз тарихын барынша объективті және жан-жақты түрде саралауға мүмкіндік алдық.

Еліміздің тарихын насихаттаудың ағартушылық, танымдық және интеллектуалдық функциялары айқын көрініс береді. Оған қоса, тарихты оқыту – ұлтты қалыптастыру жағынан да өте маңызды компонент. Президенттің азаматтық ұлтты құрастырудағы саясаты қазақ халқының тарихын, мәдениетін, ділін, тілін барынша баулу арқылы жүзеге асырылуы жаңа қарқынға ие болады.

Рухани жаңғыру бағдарламасындағы “Туған жер”, “Қазақстанның қасиетті географиясы” мен “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласындағы “Архив – 2025”, “Ұлы даланың ұлы есімдері”, “Түркі әлемінің генезисі”, “Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы” және басқа да тарихи жобалар арасында тығыз идеологиялық байланыс бар.

Рухани жаңғыру бағдарламасының бір жарым жыл ішіндегі жетістіктерін ескеретін болсақ, жаңа мақаладағы жобалар да өз тиімділігін көрсететіне сенеміз, деді Тұңғыш Президент Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Исатай Минуаров.


Соңғы жаңалықтар