Елбасының журналистика саласындағы биылғы сыйлықтары мен гранттарының иегерлері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының журналистика саласындағы биылғы  сыйлықтары мен гранттарының иегерлері анықталды

Елбасының журналистика саласындағы биылғы сыйлықтары мен гранттарының иегерлері анықталды

25-маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Елбасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы биылғы жылғы сыйлықтары мен гранттарының иегерлері анықталды. ҚР Президентінің баспасөз қызметінен жолданған өкімнің мәтініне жүгінсек, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары "елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосқан үлкен үлесін ескеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын беру жөніндегі қоғамдық комиссиясының ұсыныстарын қарай келе" тағайындалды.

  • 28 Маусым 2004
  • 659
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары екі адамға табыс етілді.

Атап айтсақ, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ының «Мезгіл» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы және жүргізушісі Ғалым Боқашқа «республика өмірі мен әлемде болып жатқан оқиғаларды жан-жақты және терең талдағаны үшін»;
Моор Иван Ивановичке — «Северный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, аймақтың қоғамдық-саяси өміріндегі реформаларды терең жазып көрсеткені үшін» берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары үш адамға тағайындалды.
Атап айтсақ, Әмір-Бек Көпенге — «Ара-kz»» сын-сықақ журналының бас редакторы, журналды қайта жаңғыртуы және ұлттық сана-сезім қалыптастыру мен азаматтық қоғамды дамыту тақырыбында қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен жүргізген газет сұхбаттары циклі үшін;
Аупбаев Жанболат Әлиханұлына — республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, қазақстандық патриотизм, ұлтаралық келісім және халықтар достығы идеяларын насихаттағаны үшін;
Рахметова Гүлнәр Ғұмарқызына — «Известия-Казахстан» және «Труд-Казахстан» газеттерінің журналисі, еуразия тақырыбы негізінде Қазақстанның тарихы, ғылымы және мәдениеті мәселелеріне арналған жарияланымдар циклі үшін берілсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы:
«Вечерний Алматы» газетінің ұжымына — Алматы қаласының тыныс-тіршілігін жан-жақты салада толық және терең көрсеткені үшін;
Нұрғожаев Жақыпжан Мысабекұлына — облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, Жетісу өңірі еңбек ұжымдарының мысалында 2030 жылға дейінгі Қазақстан дамуы Стратегиясының іске асырылуы мәселелеріне арналған мақалалар циклі үшін;
Сандыбай Аяған Өтенұлына — публицист, республика өміріндегі барынша елеулі және қоғамдық маңызды оқиғалар туралы жазылған «Чем порадовать сердце» атты публицистикалық және сараптамалық мақалалар жинағы үшін;
Түгел Сәдібекке — журналист, бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа астананың жағымды бейнесін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін жарияланды.

Перейти к новостям спорта