Елде азық-түлік бағалары жоғарылады
![]() |
ҚР Статистика агенттігі елде азық-түлік бағаларының көтерілгендігін хабарлады. |
«Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 3,8%, азық-түлік емес тауарлар - 2,8%, ақылы қызметтер көрсетуге - 7,5% артты», - деді Агенттік төрағасы Әлихан Смайылов бүгін ведомствода өткен брифингте.
Сонымен қатар өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,2% жоғарылаған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін