«Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар — 3,8%, азық-түлік емес тауарлар — 2,8%, ақылы қызметтер көрсетуге — 7,5% артты», — деді Агенттік төрағасы Әлихан Смайылов бүгін ведомствода өткен брифингте.
Сонымен қатар өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,2% жоғарылаған.