Елде имидждік іс-шараларға шектеу қойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елде имидждік іс-шараларға шектеу қойылмақ

Елде имидждік іс-шараларға шектеу қойылмақ

Бюджет қаржысын қымбат көліктер мен жиһазға және саны көп, пайдасы жоқ іс-шараларға жұмсауға шектеу қою керек.

  • 24 Қаңтар 2020
  • 70
Фото - Caravan.kz

Үкімет отырысында Президент осындай бастама көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел қазынасынан бөлінген қаржының игерілуіне ден қойған ол квазимемлекеттік секторда орынсыз шығындарды қысқартып, бірінші мамырға дейін осы мәселе бойынша есеп беруді тапсырды.

Айта кетейік, Президенттің имидждік іс-шараларға бюджет шығынын қысқарту туралы тапсырмасынан кейін Үкімет шығындарды 30 миллиард теңгеге оңтайландырды. Бірақ бұл мәселені шешудегі алғашқы қадам деді Мемлекет басшысы. Алдағы уақытта да ысырапшылдыққа жол бермей, қазынаның қаражатты ел мүддесіне жұмсауша шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


– Квазимемлекеттік секторда шығындарды қысқарту керек. Ең алдымен қымбат көлік пен жиһаз алуға, түрлі форумдар, семинарлар мен конференцияларды өткізуге ұзақмерзімді мораторий жариялауды ұсынамын. Елімізде ұйымдастырылатын іс-шаралар идеологиялық және практикалық тұрғыдан пайдалы болуы тиіс.