Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Министр 12 букмекерлік кеңсенің 10 айдың көрсеткіші бойынша ақпарат берді.
“Біз ел аумағында жұмыс істейтін 12 букмекерлік кеңсенің ақпарат жүйесіне қосылғанбыз. Сол жерден көріп отырмыз. Менің есімде 10 айдың көрсеткіші қалыпты. Осы кезеңде 1 трлн 200 млрд теңге бәске қойылған. Соның 800 млрд теңгесі бәс тігушілерге ұтыс ретінде қайтарылған. Шамалап қарасаңыз, 400 млрд теңгедей таза табыс алған букмекерлер. Ал ол табыстың қайда кетіп жатқаны біздің сұрақ емес”, — деді Мәди Такиев.