Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 3 трлн 118,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 982,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 136 млрд теңге қарастырылған.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 421 мың адам.
«2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 730 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 122 теңге, базалық зейнетақы – 42 608 теңге», — делінген министрлік жариялаған хабарламада.