Елдегі жанармайдың бағасы төмен болғандықтан көрші елдерге сатылып жатыр. Билік не шешті? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдегі жанармайдың бағасы төмен болғандықтан көрші елдерге сатылып жатыр. Билік не шешті?

Елдегі жанармайдың бағасы төмен болғандықтан көрші елдерге сатылып жатыр. Билік не шешті?

Қазір жанар-жағармайдың көтерме нарығының шамамен 80 %-ы мемлекет қарамағында.

  • 21 Қазан
  • 14
Фото: Shutterstock.com/fxquadro

Биыл билік сұйық отынның шекті бағасын алып тастайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осы жолмен ғана жанармайдың шетелге кетуін тоқтатуға болатынын айтты. Бұл туралы kolesa.kz сайты жазды.

Астанада өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров жанармайдың бағасы төмен болғандықтан, ол көрші елдерге өтеді деді.

«Шекті бағаны алып тастау туралы шешім қабылданды, бірақ бұл мәселе нарықтағы ірі ойыншылармен келісілгеннен кейін жүзеге асады. Қазір жанар-жағармайдың көтерме нарығының шамамен 80 %-ы мемлекет қарамағында. Бұл — «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы және жаңадан құрылған «Petrosun» ЖШС», — деді Марат Омаров.

Оның айтуынша, бұрын нарықтың шамамен 50 %-ы Petrosun қарамағында еді, бірақ кейін «ҚазМұнайГаз» құрылымының активіне қайтарылды. Келесі кезеңде баға шектеуін алып тастау жоспарлануда.

«Жалпы идея — нарыққа кезең-кезеңмен белгі беріп, бөлшек сауда сегментінде бағаны қатты бақылаудан кету», — деп түсіндірді агенттік төрағасы.

Қазақстанда басшылық 2021 жылы 92-бензинге, дизельге және автогазға шекті баға орнатты. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет экономикалық процеске араласудан біртіндеп бас тартуы қажет екенін айтты. 

«Жанармай-энергетика нарығында бағаны шектен тыс реттеу салада тапшылық туындатып, мұнай өнімдері өндірісінің төмендеуіне себеп болады. Үкімет одан сабақ алды, жағдай біртіндеп жақсарып келеді», — деді мемлекет басшысы. 

«Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерімен бірлесе отырып, бір ай ішінде экономиканы еркін дамыту (либерализация) туралы қаулы дайындауды тапсырамын. Құжатта нарықтағы бәсекені дамыту, тиімді жекешелендіру және квазимемлекеттік секторды реформалау сынды үш бағытқа баса назар аудару қажет», — деген еді Мемлекет басшысы.

Энергетика министрлігі бірнеше рет елдегі жанармайдың төмен бағасы оны көрші елдерге шығуына себеп болатынын және бұл процесті тоқтату үшін Қазақстандағы жанармай бағасын Ресеймен теңестіру қажет екенін мәлімдеген. Шенеуніктер шекарада тәртіп орнатудың орнына, қазақстандықтар үшін бензин, газ және дизель бағасын қымбаттатуды талап еткен. Енді оларға Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де қосылды.