Елді мекендерді белгілі тұлғаның есімімен атау ол қайтыс болған күннен 5 жыл өткен соң ғана мүмкін болады
![]() |
Атауды өзгерту туралы шешім әбден пісіп жетілген, уақыт сынынан өткен болуы қажет. |
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндаған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осылай мәлім етті.
Министрдің айтуынша, заң жобасымен бір әкімшілік аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір реттен артық бермеу көзделеді.
«Расында, бір ауданда бірдей аталатын бірнеше ауылдың болуы орынсыз, әртүрлі төтенше жағдайларда, өзге де оқиғаларда қауіпті әрі ыңғайсыз екені бәрімізге түсінікті деп ойлаймын. Бұдан бөлек, жеке адамның есімі берілген, өзгертілген нысан атауын өзгерту қажеттігі туындаған жағдайда, бұның тек он жыл өткен соң қайта өзгертуге болатыны көрсетіліп, көрнекті мемлекет, қоғам және ғылым қайраткерлерінің, Қазақстан мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбегі сіңген басқа да жеке тұлғалардың есімін олар қайтыс болған күннен бастап, кемінде 5 жыл өткеннен соң ғана беру ұсынылады», - дейді Дархан Мыңбай.
Бұл ретте министрдің айтуынша, атауды өзгерту туралы шешім әбден пісіп жетілген, уақыт сынынан өткен болуы қажет. «Сосын жергілікті биліктің жағдайына қарап атау өзгермеуі тиіс», - деді Д. Мыңбай.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін