"Елді шулатып алып, енді түк болмағандай отыр": Үйінің ақшасын қайтарып алған Жұлдыз Әбдікәрімова мен Дилара Тәжімбетованың арасында тағы да шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.74
  • 569.17
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елді шулатып алып, енді түк болмағандай отыр": Үйінің ақшасын қайтарып алған Жұлдыз Әбдікәрімова мен Дилара Тәжімбетованың арасында тағы да шу шықты

"Елді шулатып алып, енді түк болмағандай отыр": Үйінің ақшасын қайтарып алған Жұлдыз Әбдікәрімова мен Дилара Тәжімбетованың арасында тағы да шу шықты

Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың үйіне берген ақшасын түгелдей қайтарып алғаны белгілі болды.

  • 18 Ақпан
  • 12964
Caravan.kz

Сүйінші хабарды танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жеткізген болатын, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Динара Сәтжан өз кезегінде Жұлдыз Әбдікәрімоваға барлық ақша қайтарылғанын әрі моральдық шығын да өтелгенін атап өткен еді.

Сонымен бірге ол Дилара Тәжімбетовамен екеуара келісімі бойынша осыған дейін жарияланған жазба мен видеолардың бәрі желіден өшірілетінін мәлімдеді.

Десе де халық Жұлдыз Әбдікәрімова бұл істе қарапайым халықтың арасында жеңіске жетті деп санайды. Олар егер қоғамға аталған іс жарияланып, халық арасында резонанс тумаса, кәсіпкердің ақшаны сол күйі қайтармай қоятынынан жарыса жазуда.