Елдімекендерді газбен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік деңгейде шешіледі - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдімекендерді  газбен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік деңгейде шешіледі - үкімет басшысы

Елдімекендерді газбен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік деңгейде шешіледі - үкімет басшысы

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Елдімекендерді газбен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік деңгейде шешіледі. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сауалына жауап беру барысында атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Елдімекендерді газбен қамтамасыз ету және электр қуатына қатысты мәселелер базалық мәселелерге жатады. Біз бұл мәселелерді алдағы үш жылда түбегейлі өзгертуге тиіспіз»,- деді К.Мәсімов. «Газбен қамтамасыз ету мәселесі бойынша үкімет, әкімшіліктер мен ұлттық компаниялардың қайсысы бұл іске жауапты деген сұрақ жиі қойылып, біз көп жағдайда оны бір-бірімізге ысырып келдік. Соның салдарынан мәселе оң шешімін таппады. Сол себепті біз Қазақстанның елдімекендерін газбен қамтамасыз ету мәселесін мемлекеттік деңгейге көтеру қажет деген шешімге келдік»,- деп мәлімдеді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, даму бағдарламасында «басымдықтардың арасында газбен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланбақ. Оны қаржыландыру мәселесі бойынша үкімет парламенттің алдына келетін болады. Бұл мәселені шешу үшін біз бюджет қаржысы, ұлттық компаниялар мен облыстық әкімшіліктердің қаржысын біріктірмекпіз»,- деді К.Мәсімов.

Сонымен бірге, үкімет басшысының мәлімдеуінше, үкімет «электр қуаты саласындағы осы тектес проблеманы шешуге де ден қоймақшы». «Біз осыған қатысты «Самұрықтың» ақпаратын тыңдадық. Олар аталмыш проблеманы шешуге қатысты біршама қызғылықты бағдарлама ұсынып отыр. Жалпы алғанда, энергетика министрлігі, үкімет пен әкімшіліктер сіздердің қарауларыңызға энергетикалық проблемаларды шешу жөніндегі алдағы жылдарға арналған бағдарламаны әкелетін болады»,- деді К.Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті