Бұл туралы ол TikTok желісіндегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Күні кеше аншлагпен концертін өткізген, мерейтойын өткізіп жүрген Майра Ілиясованың артынан кім түсіп жүр? Ол қазірден емес, оның түскеніне 3-4 күндей болып қалған екен. Тек Майра апайдың емес, біраздың адамның үстінен түсіп жүрген көрінеді. «Тойыңа шақыршы, мен тойыңа барамын» деп барады екен де, ол тойда бір ән айтып, содан кейін «ақшамды берген жоқсың, сотқа беремін» дейді екен. Ашық түрде ол адамдар бар, ешкім өтірік айтып тұрған жоқ. Оны жасап жүрген кім? Оны жасап жүрген Меруерт Түсіпбаева. Меруерт, естіп тұрсаңыз сізге айтайын. Сіз ең әуелі Майра апайдың дәрежесіне жетіп алыңыз. Тура сол күні екі концерт, екі кеш өтті. Досымжан Таңатаров пен Майра апайдың концерті өтті. Екеуін сыйлаған әріптестері екеуіне де келіп, құшақ, құшақ гүлдерімен келіп құттықтап жатты. Сіз ол жерде болмадым екен деп алты алашқа жар салып, өсек-аянменен күріштің арқасында күрмек су ішіп олай хайп қумай-ақ қойыңыз. Динара Сәтжанның Майра апайдың берген сұхбатында ондай әңгіме айтылмаған. Жасанды интеллект арқылы жасап, оны сіз ашқан парақша деп ойлаймын. Менің күдігім солай. Сол парақша арқылы сіз оны салып, Мақпал апайға жібердіңіз. Мақпал апайдың санасы, түйсігі, ақылы бар адам. Ол көрінген өсекке сенетін ақымақ емес. Сондықтан елдің ортасына оқ жақпай, жайыңызға жүріңіз. Бірақ осы күнге дейінгі жапқан жалаңыз, мына айтып отырған өсегіңіздің барлығына жауап беруге тура келеді. Себебі, Майра Ілиясова ол — халық әртісі. Сіз соның дәрежесіне жетіп алыңыз, содан кейін әңгіме айтасыз. Әлде бұл қызғаныш па? Менің ойымша, бүкіл халықтың алдына шығып кешірім сұрауыңыз керексіз. «Тойымды керемет өткіздім» деп бір рахаттанып жүруіне мұрсат бермейтіндей сіз сияқты адамдарда ол тек іштарлық пен көреалмаушылық. Сондықтан «сөз иесін табады» деп ойлаймын. Ал заңгерлер, жақын күндері сізге хабарласады», — деді блогер.
Егер естеріңізде болса, халық әртісі Майра Ілиясова Динара Сәтжанға берген сұхбатында өнер адамдарының сахнаға мас болып шығуына болмайтынын айтқан.
«Бізде күлдірем деп, үлкен әнші әйелдер аузына келгендерін айтып жатады. Мен соған риза емеспін. Толық болып шығады. Біздің мас болып шығуға, туфлиімізді сүртпей шығуға, үтіктелмеген киім киіп шығуға қақымыз жоқ. Артымдағы қыздарды ылғи мақтап жүремін. Мадинаның сахнаға шығу мәдениетін, Розаның шығу мәдениетін. 70-ке келсек те біз ешбір жас әншіден кем шықпаймыз. Бірақ профессионалдық дәрежеде атақ алып жатқан әншілер өздерін жақсы ұстайды. Халық сыншы. Халық айтса, дұрыс айтады», — дейді Майра Ілиясова.
Меруерт Түсіпбаева өзінің жазбасында Майра Ілиясовадан бейәдеп сөз естігенін айтқан еді.