"Бәрі ашық болып жатқанын көріп отырсыздар ғой. Бұл тұрғыда ұлт болып ақылдасқымыз келеді. Мұны ақыр аяғында азаматтарымыз бекітуі тиіс" деп Македония үкіметі сайтының Заевтың сөзін келтіргені туралы хабарлайды "РИА "Новости".
Айта кетейік, Македонияның өз атын өзгертуге қатысты Грекиямен арадағы дауы көпке созылып келеді. Бұл сонау Югославия қираған 1991 жылдан басталған. Афиндегілер өзінің Македония облысымен бұл елдің атауы шатастырылмауы керек деп жатыр.
Ал жаңа атау ретінде бірнеше нұсқа қарастырылуда. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұлар: Жаңа Македония Республикасы, Солтүстік Македония Республикасы, Жоғарғы Македония Республикасы, Македония Вардарлық Республикасы және Македония Республикасы (Скопье).