Елдің басым аумағында өткінші жауын жауып, кей жерлерде жауынның соңы бұршаққа айналады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің басым аумағында өткінші жауын жауып, кей жерлерде жауынның соңы бұршаққа айналады

Елдің басым аумағында өткінші жауын жауып, кей жерлерде жауынның соңы бұршаққа айналады

Қазақстан аумағының басым бөлігі атомосфералық ағындардың ықпалында болып, жауын-шашынды болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

  • 21 Шiлде 2011
  • 562
Фото - Caravan.kz

Кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет болжамына сілтеме жасай отырып ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Республиканың батысындағы ауа райы бұрынғыдай ыстық және жауын-шашынсыз қалпында сақталады.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, секундына 15-22 метр жылдамдықта жел соғады, Қарағанды облысында күндіз нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында күн ысиды, кей жерлерде күн өте ыстық болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде өте жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы өзендерде су деңгейі көтеріледі. Қазақстанның басқа сулы нысандарында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Соңғы жаңалықтар